EN
Биограно Форте

Биограно Форте

Сақтау температурасы
+1 °C-тан +25 °C-қа дейін
Көлемі
20 л

Сипаттама

Биограно Форте Фунгицидтік қасиеттері бар кешенді биологиялық тыңайтқыш Биограно Форте — ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған, өсуді ынталандыратын және қорғаныш қасиеттері бар кешенді биологиялық тыңайтқыш. Препарат өнімділікті арттыруға, өсімдіктердің қоректенуін жақсартуға, тамыр жүйесінің дамуын күшейтуге және дақылдардың аурулар мен стресс факторларына төзімділігін арттыруға арналған. Препараттың негізін Bacillus spp. туысына жататын пайдалы микроорганизмдер құрайды. Олар өсімдіктер үшін қиын сіңірілетін қоректік элементтерді қолжетімді түрге айналдырып, топырақтың биологиялық белсенділігін жақсартады және өсімдіктің өсуін ынталандырады. Препарат тұқымдық және отырғызу материалдарын өңдеуге, сондай-ақ өсімдіктерді вегетация кезеңінде өңдеуге қолданылады. Биограно Форте қолдану тұқымдардың өну қабілетін арттыруға, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруға, гербицидтік стресс әсерін төмендетуге және өсімдіктердің фитопатогендерге төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Қолдану саласы Препарат өсімдік шаруашылығында келесі дақылдарға қолданылады: дәнді дақылдар;майлы дақылдар; көкөніс дақылдары; картоп; басқа ауыл шаруашылығы өсімдіктері. Қолдану тәсілдері: Тұқымды себу алдында өңдеу; тырғызу материалын өңдеу; Вегетация кезеңінде өсімдіктерді бүрку.

Экспортер туралы ақпарат

EcoSave ЖШС

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 9-шағын аудан, 3-ғимарат.

15
Штаттағы қызметкер
55%
Локализация үлесі