«FamAir» ГК – 002 гинекологиялық креслосы
Орындық биіктігі мен арқалықтың еңкею бұрышы
электр жетегі арқылы реттеледі.
Суырмалы науа
орындықтың астында орналасқан.
Сипаттама
Гинекологиялық тексерулер, диагностикалық, емдік және басқа да медициналық емшараларды (процедураларды) жүргізу кезінде пациентті орналастыруға арналған. Медициналық кабинеттерде, әйелдер консультацияларында, медициналық орталықтарда, клиникалар мен стационарларда пайдалануға арналған. Креслоның конструкциясы пациенттің ыңғайлы орналасуын және оның қалпын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Металл тіреуіш қаңқасы, тозуға төзімді медициналық қаптамасы бар жұмсақ секциялары, аяққа арналған тіреуіші және тот баспайтын болаттан жасалған суырмалы науасы бар. Орындалу нұсқасына байланысты кресло механикалық, электрлік немесе гидравликалық реттеу механизмдерімен жабдықталуы мүмкін.
