ASMA Industrial Ltd жеке компаниясы
ASMA Industrial Ltd — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан заманауи жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания Қазақстандағы өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын толық өндірістік циклмен шығаратын алғашқы зауыт болып табылады. Жоба отандық өндірісті дамыту және импортқа тәуелділікті азайту мақсатында жүзеге асырылды. Өндірістік кешеннің жалпы аумағы 14,3 гектарды құрайды. Зауыт заманауи автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталған. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 210 000 өнеркәсіптік аккумуляторға дейін, ал өнім ассортименті 50-ден астам түрді қамтиды. Толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорында 180 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндіріс халықаралық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Компания өнімдерінің шамамен 60%-ын ТМД және Балтық елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.
Геопозиция
Қазақстан, Талдықорған
Экспорттейтін негізгі елдер
- Ресей
- Беларусь
- Армения
- Литва
- Эстония
Товарлар
- AGM аккумуляторлары
- GEL аккумуляторлары
- OPzS стационарлық аккумуляторлары
- OPzV гельді стационарлық аккумуляторлары
- Литий-ионды энергия сақтау жүйелері

