Шебер Жанұя ЖК
«Шебер Жанұя» ЖК 2011 жылы ресми түрде тіркелген қазақстандық қолөнер кәсіпорны. Компания атауының өзі ата-бабадан мирас болып келе жатқан қолөнер дәстүрін, ұлттық мұраны және отбасылық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу идеясын білдіреді. Кәсіпорынның басты мақсаты – ұмыт қалған ұлттық қолөнер бұйымдарын қайта жаңғыртып, оларды Қазақстанның заманауи брендіне айналдыру. Әрбір өнім дәстүрлі технологияларды, табиғи материалдарды және авторлық дизайнды пайдалана отырып қолмен жасалады. Компания ұлттық нақыш пен қазіргі заманғы сәнді үйлестіретін бірегей бұйымдар шығарады. «Шебер Жанұя» жоғары сапалы премиум санаттағы өнімдер өндіреді. Өнімдері қазақстандық тұтынушыларға ғана емес, шетелдік қонақтарға да арналған. Ассортиментіне табиғи былғарыдан жасалған картиналар, ұлттық ерлер киімі, ат әбзелдері, жүннен жасалған бұйымдар, жилеттер, күртелер, сөмкелер, ұлттық нақыштағы әшекейлер, керамикалық бұйымдар, ағаштан жасалған кәдесыйлар және басқа да қолөнер туындылары кіреді.
Геопозиция
Қазақстан, Талдықорған
Экспорттейтін негізгі елдер
- Қырғызстан
- Өзбекстан
Товарлар
- Киізден тігілген әйелдер киімі
- Киізден жасалған шарфтар мен палантиндер
- Киізден жасалған кеудешелер мен көйлектер
- Ұлттық бас киімдер
- Күмістен жасалған әшекейлер және былғары қамшылар

