Айза
«Айза» ЖШС — Орталық Қазақстан аумағындағы балмұздақ өндіруші жетекші компаниялардың бірі. Компания өнімдерінің сапасы Қазақстанның барлық дерлік өңірлеріндегі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланады. Бүгінде компания жоғары сапалы балмұздақтың 100-ден астам түрін ұсынады. «Айза» балмұздақ фабрикасы өзінің алғашқы балмұздағын 1998 жылы шығарды. Содан бері жыл сайын дәстүрлі 43 түрлі балмұздақпен қатар, балмұздақ пен тәтті тағамдарды ұнататын тұтынушыларға 5–7 жаңа өнім ұсынылады. Компания өнімдері негізінен орташа баға сегментіне бағытталған — бұл вафли стақандарындағы балмұздақ және қолжетімді эскимо. Дамудың негізгі бағыттарының бірі — эскимо және өлшеп сатылатын балмұздақ өндіру. Олардың қатарында фабриканың фирмалық символына айналған «Пингвин» және «Ақ аю» эскимолары, сондай-ақ «Соблазн» эскимосының бірегей желісі, «Қарағандылық» өлшеп сатылатын балмұздақ желісі және тұтынушылардың сүйіспеншілігіне ие болған басқа да балмұздақ түрлері бар. «Айза» балмұздақ фабрикасы өнімдерінің сапасы Қазақстанның Орталық өңіріндегі ең жоғары деңгейдегі сапалардың бірі болып саналады. Бұған фабрика өнімдерінің көптеген марапаттар мен дипломдарға ие болуы дәлел.
Геопозиция
Қарағанды, Қазақстан
Экспорттейтін негізгі елдер
- Ресей
- Өзбекстан
Товарлар
- Вафли стақанындағы балмұздақ
- эскимо
- батончиктер

