"Sens Fashion" ЖШС
«Sens Fashion» компаниясы Қазақстан Республикасының солтүстік өңіріндегі мектеп формасын өндіретін ең ірі отандық өндіруші болып табылады. Компания келесі өнімдерді тігумен айналысады: кең өлшемді әйелдерге арналған іскерлік киімдер, сондай-ақ трикотаж бұйымдары (спорттық костюмдер, свитшоттар және т.б.). Sens Fashion өндірілген өнімдерін бүкіл Қазақстан аумағында өткізеді, сонымен қатар Ресей Федерациясына экспорттайды. Компания мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысады. Сонымен қатар қала және облыс мектептерімен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі таңда компания Петропавл қаласындағы 30-дан астам мектепті және Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және басқа облыстардағы 400-ден астам мектепті мектеп формасымен қамтамасыз етті.
Геопозиция
Қазақстан, Петропавл қаласы
Экспорттейтін негізгі елдер
- Ресей Федерациясы
Товарлар
- Спорттық киім
- Кеңсе киімі
- Ұлттық киім
- Мектеп формасы




