«Kaz Plast» ЖШС
Компанияның негізгі қызметі — тігін фурнитурасын (түймелер) өндіру және әскери киімдер (обмундирование) мен арнайы жұмыс киімдерін (спецодежда) тігу. Кәсіпорын өз қызметін толыққанды жүзеге асыру үшін қажетті барлық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нарықта 15 жылдан астам тәжірибесі бар компания шығаратын түймелердің негізгі сатып алушылары — тігін фабрикалары болып табылады. Ал арнайы жұмыс киімдерінің басты тапсырыс берушісі — Ресейдегі жұмыс киімдері, мата және тоқыма өнімдерінің ірі өндірушілерін біріктіретін «Комбинат Рабочей одежды» АҚ ресейлік компаниялар тобы. Жобалық қуаттылығы жылына 75-80 мың дананы құрайды.
Геопозиция
Түркістан, Қазақстан
Экспорттейтін негізгі елдер
- Ресей
Товарлар
- арнайы киім
- түймелер
