Казполиграф ЖШС
«Казполиграф» ЖШС — Семей қаласында орналасқан қаптама материалдарының кең ассортиментін өндіретін қазақстандық компания. Компания азық-түлік, сауда және өнеркәсіп өнімдеріне арналған заманауи әрі экологиялық қаптамалар шығаруға маманданған және қаптама шешімдерінің жоғары сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын әртүрлі тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізуге арналған қаптама өнімдерінің 17 түрін шығарады. Компания өнімдері Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарына экспортталады. Компанияның негізгі өнімдерінің бірі — қысқа және орта мерзімде сақталатын өнімдерге арналған Gable Top қаптамасы. Қаптама герметикалығымен ерекшеленеді және өнімді жарықтан, ылғалдан және сыртқы әсерлерден қорғайды. Материалдың 74–90%-ы жаңартылатын ағаш шикізатынан өндірілген картоннан тұрады, бұл қаптаманы экологиялық таза әрі толықтай қайта өңдеуге жарамды етеді. Сонымен қатар, бұл қаптама түрі шыны ыдысқа қарағанда үнемдірек және жаңа өнімдерді нарыққа шығаруда тиімді шешім болып табылады. Сондай-ақ «Казполиграф» ЖШС сусымалы және дана өнімдерді қаптауға арналған қағаз пакеттер шығарады. Қаптама ауа өткізгіш қасиетке ие, ылғал мен көгерудің пайда болуын болдырмай, өнімнің сапалы сақталуын қамтамасыз етеді. Пакеттердің тікбұрышты түбі бар, көлемі 0,5-тен 5 кг-ға дейін шығарылады және бір қабатты немесе екі қабатты болуы мүмкін.
Геопозиция
ҚР, Семей
Экспорттейтін негізгі елдер
- Ресей
- Тәжікстан
- Қырғыстан
Товарлар
- Gable Top қаптамасы
- Сусымалы және дана өнімдерді қаптауға арналған қағаз пакет
- Күнбағыс қауызынан жасалған отын пеллеттері
- Фосфатидті концентрат
