«АҚ БЕРЕКЕ» ЖШС

«АҚ БЕРЕКЕ» ЖШС

«АҚ БЕРЕКЕ» ЖШС — Абай облысы, Семей қаласында орналасқан, майлы дақылдарды өңдеу өнімдерін өндіруге маманданған қазақстандық өндірістік кәсіпорын. Компания тазартылмаған күнбағыс майы мен күнбағыс күнжарасын өндірумен айналысады және өнімдерін Қытай Халық Республикасына экспорттайды. Кәсіпорынның негізгі өнімі — тіксары түсті, қанық, сәл тұтқыр дәмі бар және тәттілеу күнбағыс иісі сезілетін тазартылмаған күнбағыс майы. Майдың табиғи лайлылығы оның құрамында адам ағзасына пайдалы фосфолипидтер, каротиноидтар және балауыздардың болуына байланысты. Өнімнің сақтау мерзімі ГОСТ талаптарына сәйкес 4 айға дейін. Сондай-ақ компания күнбағыс күнжарасын өндіреді. Ол плитка, ракушка, гранулданған немесе ұнтақталған түрінде шығарылады. Өнімнің түсі қоңыр немесе сұр-қоңыр, иісі жеңіл майлы болып келеді. Күнбағыс күнжарасы жоғары қоректік құндылығымен ерекшеленеді: құрғақ заттағы шикі протеин мөлшері шамамен 36%, сіңімділігі 75–80%, ал 1 кг өнімнің энергиясы 1,1 ЭКЕ құрайды, бұл оны мал азығы ретінде жоғары сұранысқа ие етеді.

Компания статистикасы
1
Экспорт елдерінің саны
2010
Құрылған жылы

Геопозиция

ҚР, Семей

Экспорттейтін негізгі елдер

  • ҚХР

Товарлар

  • Тазартылмаған күнбағыс майы
  • Күнбағыс күнжарасы

Компанияның контактілері

Қазақстан Республикасы, Z05T3E2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А
exporter@kazakhexport.kz