«Орал трансформатор зауыты» ЖШС
«Орал трансформатор зауыты» ЖШС — номиналды қуаты 25-тен 2500 кВА-ға дейінгі ТМ, ТМГ және ТМГэ типті күштік майлы трансформаторларды өндіруге мамандандырылған заманауи кәсіпорын. Зауыт «Alageum Electric» компаниялар тобының құрамына кіреді. Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізеді, сондай-ақ өндірілген өнімнің 90%-на дейін шетелге экспорттайды. Компания қызметінің негізгі бағыты — қуаты 2500 кВА-ға дейінгі, кернеуі 6, 10 және 20 кВ ТМГ типті трансформаторларды шығару. Сонымен қатар, кәсіпорын сенімділік пен энергия үнемдеу талаптарына жауап беретін заманауи энергия тиімді шешімдерді әзірлеумен айналысады. Өндіріс ошағы жоғары сапа мен сенімділікті қамтамасыз ететін заманауи автоматтандырылған жабдықтармен және сынақ стендтерімен жабдықталған. Кәсіпорын өнімдері халықаралық сапа стандарттарына сай келеді және энергетика, өнеркәсіп пен коммуналдық салаларда кеңінен қолданылады.
Геопозиция
Орал, Қазақстан
Экспорттейтін негізгі елдер
- РФ (Ресей)
- Грузия
- Армения
- Молдова
- Әзірбайжан
Товарлар
- ТМГ трансформаторы: 25–2500 кВА, 6(10, 20)–0.4 кВ
- ТМ трансформаторы: 25–2500 кВА, 6(10, 20)–0.4 кВ
- ТМГэ трансформаторы: 63–1600 кВА, 6(10)–0.4 кВ

