EN
КАЗТЕХФИЛЬТР ЖШС

КАЗТЕХФИЛЬТР ЖШС

«Казтехфильтр» ЖШС – тау-кен, құрылыс, жол және арнайы техникаға арналған ауа сүзгілері мен сүзгі элементтерін өндіруге маманданған отандық өндірістік кәсіпорын. Компания 2011 жылдың сәуір айында құрылған және осы уақыт ішінде сапалы өнім шығаратын сенімді өндіруші ретінде танылды. Кәсіпорында алынбалы ауа сүзгі элементтерін өндіру небәрі 8 өнім түрінен басталса, бүгінде ассортиментте отандық және шетелдік техниканың әртүрлі үлгілеріне арналған 380-нен астам сүзгі түрі бар. «Казтехфильтр» ЖШС өнімдері Қазақстан Республикасында пайдаланылатын отандық және импорттық техникалардың басым бөлігінде қолданылады. Сүзгілер ауаны шаңнан және механикалық қоспалардан тиімді тазартып, қозғалтқыштардың қызмет ету мерзімін ұзартады әрі техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға ықпал етеді. Кәсіпорын өндіріс технологияларын үнемі жетілдіріп, өнім түрлерін кеңейтіп және сапаны бақылаудың заманауи стандарттарын енгізуде. Сапалы материалдар мен заманауи жабдықтарды қолданудың арқасында өнім сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі бойынша импорттық баламалармен сәтті бәсекелесе алады. Бүгінде «Казтехфильтр» ЖШС сүзгі элементтерін өндіретін жетекші отандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания Қазақстан өнеркәсібінің дамуына, импортты алмастыруға және кәсіпорындарды жоғары сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Компания статистикасы
380+
АСТАМ СҮЗГІ ТҮРІ тау-кен, құрылыс және арнайы техникаға арналған
15+
ЖЫЛ ТӘЖІРИБЕ сүзгі элементтерін өндіруде

Геопозиция

Жезқазған, Қазақстан

Экспорттейтін негізгі елдер

  • Ресей Федерациясы
  • Өзбекстан
  • Қырғызстан
  • Тәжікстан
  • Түркия
  • Қытай
  • Иран
  • Парсы шығанағы елдері

Товарлар

  • Арнайы техникаға арналған ауа сүзгілері
  • Ауа сүзгі элементтері
  • Тау-кен техникасына арналған сүзгілер
  • Құрылыс және жол техникасына арналған сүзгілер
  • Ауыл шаруашылығы техникасына арналған сүзгілер
  • Жүк көлігіне арналған сүзгілер
  • Өнеркәсіптік жабдықтарға арналған сүзгілер

Компанияның контактілері

Қазақстан Республикасы, Z05T3E2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А
exporter@kazakhexport.kz

Осы компанияның басқа тауарлары

Возврат к списку