КазАзот АҚ
КазАзот — Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі, елдің азотты минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ететін кәсіпорын. Компания құрылған сәттен бастап тыңайтқыштар өндірісіне басымдық беріп, бұл бағытты өзінің дамуындағы негізгі стратегиялық сала ретінде айқындады. Кәсіпорынның басты мақсаты — нарықты қолжетімді бағамен жоғары сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және өндірістің тұрақты жұмысын сақтау. Компания өнімі Қазақстанның ішкі нарығында да, экспортқа да шығарылады. Түйіршіктелген аммиак селитрасы мен сұйық аммиакты жеткізу теміржол және теңіз көлігі арқылы жүзеге асырылады. Зауыт аумағында аммиак, азот қышқылы, химиялық реагенттер және жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған қоймалар, сондай-ақ сыйымдылығы 10 000 тонна дайын өнім қоймасы орналасқан. Сонымен қатар, кәсіпорынның жалпы сыйымдылығы 4 000 тоннаны құрайтын 100 бірліктен тұратын жеке теміржол цистерналары паркі бар. Аммиак өндіру үшін «КазАзот» «Шағырлы-Шомышты» кен орнынан алынатын табиғи газды пайдаланады. Электр энергиясы, су және басқа да ресурстардың бір бөлігі тікелей жақын маңда орналасқан "МАЭК-Казатомпром" ЖШС тарапынан жеткізіледі, ал электр энергиясының 85%-ын кәсіпорын өзінің газ-поршеньді электр станциясынан алады. Ішкі нарық компания өнімдерінің шамамен 60%-ын тұтынады, қалған бөлігі ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттеріне, соның ішінде Түрікменстан, Украина, Грузия, Ресей, АҚШ және басқа елдерге экспортталады. Әлемдік ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты компания болашақта өткізу нарықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Геопозиция
Маңғыстау облысы, Ақтау қ.
Экспорттейтін негізгі елдер
- Түрікменстан
- Украина
- Грузия
- Ресей
Товарлар
- аммиак
- аммоний нитраты
- Аммоний сульфаты



