BASECHEM ЖШС
«BASECHEM» ЖШС – мамандандырылған химиялық өнімдерді өндіретін қазақстандық компания. Компания өз қызметін 2018 жылы Алматы қаласында өнеркәсіпке арналған заманауи химиялық шешімдерді әзірлеу және патенттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу зертханасын құрудан бастады. 2024 жылы компания «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жылына 20 000 тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы заманауи өндірістік кешенді іске қосты. Компанияның негізгі қызмет бағыты – мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен, металлургия, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммуналдық су дайындау мен ағынды суларды тазарту жүйелеріне арналған арнайы химиялық реагенттер мен химиялық өнімдерді әзірлеу, өндіру және жеткізу. «BASECHEM» ЖШС мұнай кәсіпшілігіне арналған реагенттерді, су тазарту және металл өңдеу химиясын, сондай-ақ басқа да мамандандырылған химиялық өнімдерді шығарып, оларды Қазақстанның ішкі нарығына және экспортқа жеткізеді.
Геопозиция
Маңғыстау обласы, Ақтау қ.
Экспорттейтін негізгі елдер
- Түркия
- Әзірбайжан
- Түрменистан
Товарлар
- Мұнай-химия өнімдері
- Металлургиялық өнімдер



