"Царская Каша-KS" ЖШС
«Царская Каша KS» ЖШС — жеке инфрақұрылымы бар, жарма өнімдерінің алуан түрін шығаратын, тұрақты дамып келе жатқан компания. Кәсіпорын өз өнімдерін сүйіспеншілікпен жасап, тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді тауарларға деген сұранысын қамтамасыз етеді. Өндіріс орны шығарылатын өнімнің сапасын арттыратын заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Дәнді терең өңдеу технологиясы қарапайым тазарту және тегістеу кезінде жойылып кететін дәннің жоғарғы қабатындағы дәрумендер мен минералды заттарды сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өнімдер жыл сайын сертификатталған зертханада сапа бақылауынан өтеді. Кәсіпорын өнімдерді Қазақстан Республикасы, ТМД және алыс шет елдерге вагон және автокөлік арқылы жөнелтеді. Әрбір клиентке жеке тәсіл қолдану арқылы компания Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде кең сату желісін қалыптастырды. Болашақта сату көлемін тұрақты түрде арттыру және клиенттік базаны кеңейту жоспарлануда. Көлік компанияларымен ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастық теміржол және автокөлік арқылы өнімді жедел тиеп жіберуге мүмкіндік береді.
Геопозиция
Павлодар, Қазақстан
Экспорттейтін негізгі елдер
- Әзербайжан
- Армения
- Беларусь
- Ауғанстан
- Тәжікстан
- Өзбекстан
- Ресей
Товарлар
- Жарма өнімдері











